My CMS
Экономика

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІГІНДЕГІ ШАРУАЛАР АРЗАН БАҒАДАҒЫ СУАРМАЛЫ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ

Биылдан бастап еліміздің оңтүстігіндегі бірқатар шаруалар үшін суармалы су беру қызметінің құны арзандады. Себебі, 2024 жылғы вегетациялық кезеңге дайындық аясында «Қазсушар» мекемесі тұтынушылармен тікелей келісім-шартқа отырып жатыр, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.

Бұл ортадағы делдалдарды алып тастауға мүмкіндік береді. Тиісінше бірқатар тұтынушылар үшін қызметтердің құнын арзандатады.

Бүгінгі күні «Қазсушар» оңтүстік аймақтағы 1740 шаруа қожалығымен су беру бойынша келісім-шарт жасады. Қалған өңірлерде шартқа отыру жұмыстары наурыз айында басталады.

Су ресурстары және ирригация министрлігі биылдан бастап ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен тікелей келісім-шартқа отыра бастады. Осы арқылы шаруаларға су беру қызметінің құнын арзандатылмақ. «Қазсушар» мекемесі 2024 жылдың вегетация маусымына 19 мыңнан астам тұтынушымен келісім-шартқа отыруды жоспарлап отыр. Барлық өңірлер бойынша сәуір айынан суармалы су беріле бастайды.

Қатысты жаңалықтар

ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН АВТОНЕСИЕГЕ ӨТІНІШ БЕРУ 6 АҚПАНДА БАСТАЛАДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІН ЖАҢҒЫРТУДА 12 ЖОБА ӘЗІР

ulanonlinejob_r46y8xlo

ЕЛІМІЗДЕ КОММУНАЛДЫҚ ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАЛДЫҚТАРДЫ ҚАЙТА ӨҢДЕУДІ ЕДӘУІР АРТТЫРУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз