365online
Қоғам

ЛОТЕРЕЯ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАҒА ТҮЗЕТУЛЕР ӘЗІРЛЕНДІ

ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев лотерея қызметі туралы отандық заңнаманы жетілдіру жөніндегі жоспармен бөлісті.

Атап айтқанда, ойын бизнесі және лотерея қызметі мәселелері бойынша заңнамалық түзетулер пакетінде тұрғын үйлерде, жатақханаларда, діни, білім беру, медициналық және мәдени мекемелерде лотерея өнімдерін таратуға тыйым салу туралы норма қарастырылған.

«Жақын арада 55 түзету қарастырылған заң жобасы Парламенттің қарауына ұсынылатын болады», — деді ҚР туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Оның айтуынша, депутаттар Туризм және спорт министрлігімен, Парламентаризм институтымен бірлесіп, осы пакетке кемінде 35 жаңа қатаңдататын түзетуді қамтитын толықтырулар дайындады.

Қатысты жаңалықтар

«УЧАСКЕ» АКЦИЯСЫ: ЗАҢ МЕН ЭКОЛОГИЯ БІР АРНАДА

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТ: ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ЖАҢАРТЫЛУДА

ulanonlinejob_r46y8xlo

«ҚАУІПСІЗ ҚАЛА»: ШЫМКЕНТТЕ АТА-АНАЛАР МЕН МҰҒАЛІМДЕРГЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз