My CMS
Соңғы жаңалықтар Қоғам

ҚАЗАҚСТАНДА АУСЫЛҒА ҚАРСЫ ВАКЦИНА ӨНДІРІЛЕДІ

Әлемдегі аусылға қарсы ең тиімді вакциналардың бірі біздің елде өндіріле бастайды.

Тиісті келісімге Парижде Boehringer Ingelheim France тобы мен QazBioPharm қол қойды. Құжатта технологияны қазақстандық өндірушіге біртіндеп табыстау қарастырылған. Бастапқы 20 млн доза келесі жылы шығарылады. Ал 2026 жылдан бастап өндіріс толық циклға көшеді. Бұл – Орталық Азияда қолға алынған алғашқы жоба. Қазақстан – француздардың стратегиялық серіктесі. Халықаралық эпизоотиялық бюро отандық вакцинаны мойындаған.

Эрве Море, Франция Сенатының «Франция-Орталық Азия» достық тобының төрағасы — Бұл – француз президентінің Қазақстанға сапарының нәтижесі. Сол кезде қазақ еліне мен де барғанмын. Осылайша, екіжақты ынтымақтастық тереңдеп, бірнеше жоба қолға алынды. Біз соған куә болып отырмыз. Мерейлі сәтке өте қуаныштымын.

Ерғали Әбдірайымов, QazBioPharm ұлттық холдингінің бас директоры: — Біздің жоба еуропалық стандарттағы жаңа технологияларды енгізуге мүмкіндік береді. Осы жоба арқылы біз отандық кадрлар дайындаймыз, өндіріс деңгейін арттырамыз. Басты мақсат, өз вакциналарымыз бен дәрілерімізді өндіреміз. Әрі қарай өндірісті кеңейту бойынша жетекші еуропалық серіктестермен жұмыс істеуді жоспарлап отырмыз.

Кристиан Вайзен, Boehringer Ingelheim France компаниясының президенті — Бұл вакцинаны өндіру – өте қиын іс. Терең сараптаманы қажет етеді. Біздің топ әріптестік орнатуға болатынын өз көзімен көру үшін Қазақстанға барып қайтты. Мамандарымыз өте разы, бәрін сапалы деп бағалады. Осылайша, ортақ келісімге келдік.

https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/635248-aza-standa-ausyl-a-arsy-vaktsina-ndiriledi

Қатысты жаңалықтар

БІР ОТБАСЫНЫҢ ӨМІРІН ҚҰТҚАРҒАН БАТЫР

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТТЕ 216 АДАМҒА ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ БЕРІЛЕДІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ҮКІМЕТ ЭКОНОМИКАДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҮЛЕСТІ ҚЫСҚАРТАДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз