My CMS
Қоғам

ЕЛ БОЛУҒА ҰМТЫЛҒАН ЕР МІНЕЗІМІЗ БЕН БАТЫЛ БОЛМЫСЫМЫЗДЫҢ ЖЕМІСІ

Республика күні – Тәуелсіз Қазақстанның тәй-тәй басып, Егеменді еліміздің еңсе тіктегелі қадір-қасиетін сезініп келе жатқан қастерлі мереке.«Елім менің аңсаған, тас бұғаудан босаған» деп келетін жыр жолдарындағыдай, Кеңес үкіметінің тас бұғауынан босаған тоқсаныншы жылдың 25 қазанында қабылданған декларацияның жемісі. Содан бері 33 жыл уақытта өз алдына дербес мемлекет болып, тас жарып өскен қынадай, қаншама қилы күндерді басынан өткізсе де құламай, қазіргі кемел шағына келіп отыр. Мінезін жоғалтқан ұлт – ұлттық қасиеттерінен айырылып қалмақ. Егеменді еліміздің етек жиып, қанатын қомдап қатарға қосыла кетуінің бірден бір негізі – ел болуға ұмтылған ер мінезіміз бен батыл болмысымыз. Ал, ұлтты біріктіретін – тіл және ұлттың тарихы мен мәдениеті екені даусыз.

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Парламенті «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға түзетулер енгізіп, жаңа заңға сәйкес, 25 қазан — Республика күні ұлттық мерекеге, ал 16 желтоқсан — Тәуелсіздік күні мемлекеттік мерекеге айналды.

Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осынау салтанатты күні баршаңызға зор денсаулық, мол бақыт, ырыс-несібе тілеймін. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық игі бастамаларыңыз баянды болсын!

Анар ЖАППАРҚҰЛОВА, Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры

#Республика_күні

Қатысты жаңалықтар

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН БЕРЕТІН УАҚЫТ КЕЛДІ»

ulanonlinejob_r46y8xlo

СОЗАҚ АУДАНЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН МАҢЫЗДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Шымкентте Қошқар ата өзенін абаттандыру жобасы жаңа қарқынмен жүзеге асуда

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз