My CMS
Қоғам

ШЫМКЕНТТІК 82 ЖАСТАҒЫ ҚАРИЯ САЙЛАУ УЧАСКЕСІНДЕ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

Бүгінгі ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында Айқап шағынауданында орналасқан №79 сайлау учаскесінде сайлаушылар белсенділік танытып, еліміздің жарқын болашағы үшін таңдауын жасап жатыр. Сайлау учаскесінде таңнан бері 200-ге жуық тұрғын дауыс берген. Солардың бірі – 82 жастағы қария Мекенбай Джолдасов.

– Сайлау – еліміздегі маңызды саяси науқан. Мен еліміздің болашағы, Отанымыздың өркендеуі үшін дауыс беруге келдім. Биылғы сайлау ұлттық мерекеміз Ұлыстың Ұлы күнімен тұспа-тұс келіпті. Сенім білдіріп, үміт артқан азаматтарымыз еліміз үшін қызмет етсін. Қазақстанымыз өсіп-өркендесін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, бейбітшілік ел болсын! — деп қария ақ батасын берді.

Айта кетейік №79 сайлау учаскесі таңғы 7-ден бастап жұмысын бастады. Халықтың ел болашағына бей-жай қарамайтындығы көңіл қуантты.

Қатысты жаңалықтар

ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТЫҚ ПЕН ФЕЙК АҚПАРАТҚА ҚАРСЫ ИММУНИТЕТ: ТҰРҒЫНДАРМЕН АШЫҚ ДИАЛОГ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТ: КЛЮЧЕВЫЕ ПОКАЗАТЕЛИ В СФЕРЕ ЦИФРОВИЗАЦИИ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ҚОСТАНАЙ ДИҚАНДАРЫ БИЫЛ КӨКТЕМГІ ЕГІСТІ ЕРТЕ БАСТАДЫ: АУА РАЙЫ МЕН ТЕХНИКА ДАЙЫН

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз