My CMS
Саясат

ҚАЗАҚСТАНДА ИНЖЕНЕРЛІК ЖЕЛІЛЕРДІҢ 70%-ҒА ЖУЫҒЫ ЦИФРЛАНДЫРЫЛДЫ

Елімізде мемлекеттік қала құрылысы кадастрының цифрлы қорын қалыптастыру аясында инфрақұрылымдық деректерді цифрландыру жұмысы жалғасып келеді, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Қала құрылысы кадастрының цифрлы қоры жыл сайын елді мекендердегі құрылыс аумақтарындағы инженерлік инфрақұрылымның деректерімен толықтырылып отырады.

2022 жылдың қорытындысы бойынша инженерлік желілердің 69,3% цифрландырылды. Бұл ретте 2021 жылы аталған көрсеткіш 63,1% деңгейінде байқалған еді.

Биыл республикалық және жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен өңірлердегі 80 мың гектардан артық құрылыс аумағын түгендеу жоспарланып отыр.

Осы арқылы 2023 жылдың соңына қарай қажетті қаржыландыру болған жағдайда инженерлік желілердің 88%-ы цифрландырылады деп болжануда.

Елді мекендердің инфрақұрылымдық деректерін (аудан орталықтарының деңгейіне дейін) толық цифрландыруды 2024 жылдың соңына дейін жүзеге асыру көзделген.

Қатысты жаңалықтар

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН БЕРЕТІН УАҚЫТ КЕЛДІ»

ulanonlinejob_r46y8xlo

ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚТЫҢ БАҚЫТЫ МЕН БЕРЕКЕЛІ ӨМІРІ – ОРТАҚ МАҚСАТ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ТҮРКПА БАЙҚАУШЫЛАРЫ: РЕФЕРЕНДУМ НЕТИЖЕСІНЕ ӘСЕР ЕТУІ МҮМКІН ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАР АНЫҚТАЛҒАН ЖОҚ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз