My CMS
Соңғы жаңалықтар Спорт

«АСТАНА» ШАБАНДОЗЫ 21-ШІ ОРЫНДА

Дәл қазір Испанияның таулы қыратты аумағында дәстүрді велокөпкүндік өтіп жатыр.

«Вуэльта Валенсия» бәсекесіне биыл 130-ға жуық шабандоз жиналды. Олар жарыстың 2-ші кезеңінде 178 шақырымды бағындырды. Мәре сызығын ең бірінші боп италиялық Джулио Чикконе кесті. Ол аталған аралықты 4 сағат 38 минут 59 секундта жүріп өтті. Ал «Астана» спортшылары арасынан ең тәуір көрсеткішке Кристиан Скарони қол жеткізді. Ол жеңімпаздан 46 секундтқа арта қалып, 21-ші сатыға тұрақтады. Қазақстандық клуб сапындағы басқа шабандоздар, яғни, Луис Лион Санчес 33-ші, Джавиер Оливер мен Самуель Батистелла, сәйкесінше, 41-ші және 43-ші орында. Жалпы есептегі көрсеткіш те осымен шамалас. Соған қарамастан  үздіктер қатарынан табылуға мүмкіндік бар. Алда әлі 3 кезең өтеді. «Вуэльта Валенсия» жарысы 6-шы ақпанға дейін жалғасады.

https://24.kz/kz/zha-aly-tar/sport/item/585050-astana-shabandozy-21-shi-orynda

Қатысты жаңалықтар

ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ АУРУЛАРЫН ЕМДЕУ ЖЕТІСТІКТЕРІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

«Қытай әйелдерінде таңдау жоқ». Олимпиада чемпионының әрекеті Қытайдағы теңсіздікті көрсетті

ulanonlinejob_r46y8xlo

ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІ МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз