365online
Саясат Соңғы жаңалықтар

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БІРІККЕН АРАБ ӘМІРЛІКТЕРІНЕ РЕСМИ САПАРМЕН БАРДЫ

Мемлекет басшысы сапар барысында шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен кездесіп, келіссөз жүргізеді деп жоспарланып отыр.

Екі ел басшылары Қазақстан мен Әмірлік арасындағы қарым-қатынастың барлық қалтарысын талқылап, маңызды салалардағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайту бағытында келіссөз жүргізбек. Сауда-экономикалық көрсеткіштерге келсек, былтыр екі ел арасындағы тауар айналымы 600 млн доллардан асты. Қазақстан Әмірліктерге шикі мұнай, мырыш, қой мен ешкі етін сатады, ал біз бұл елден тыңайтқыштар мен автокөлік бөлшектерін импорттаймыз. Сондай-ақ Президент «Абу Даби тұрақты даму апталығы» саммитіне де қатысады. Жиында мемлекет басшылары мен саясаткерлер және кәсіпкерлер бас қосып, климаттың өзгеруімен күрес төңірегінде пікір алмасады. Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапары барысында Әмірліктің ірі бизнес өкілдерімен де кездеседі деп жоспарланып отыр.

https://24.kz/kz/zha-aly-tar/sayasat/item/582456-asym-zhomart-to-aev-birikken-arab-mirlikterine-resmi-saparmen-bardy

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ САНАНЫҢ ДЕҢГЕЙІН АРТТЫРУ: СТАЛКИНГКЕ ҚАРСЫ ЖАҢА ЗАҢНЫҢ МАҢЫЗЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ПОВЫШЕНИЕ ИНВЕСТИЦИОННОЙ ПРИВЛЕКАТЕЛЬНОСТИ ШЫМКЕНТА: ТУРИЗМ КАК КЛЮЧЕВОЙ ДРАЙВЕР

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТ – БІЛІМ САЛАСЫН ДАМЫТУДА ӨЗГЕ ӨҢІРЛЕРГЕ ҮЛГІ ҚАЛА

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз