My CMS
Соңғы жаңалықтар Спорт

«БАРЫС» ЕЛОРДАДА РЕСЕЙЛІК КОМАНДАДАН ЖЕҢІЛДІ

«Барыс» тағы жеңілді. Елордалық клуб Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Астанада Ресейдің Нижнекамск қаласынан келген «Нефтехимигіне» қарсы өткізді. Өткен сенбіде болған матч қонақтардың пайдасына шешілді. 5-минутта алаң қожайындары есеп ашып, Линден Вей ерекшеленді. Екінші кезеңде 29-минутта «Нефтехимик» ойыншысы Егор Попов таразы басын теңестірді. Араға екі минут салып Антон Сағадеев астаналық ұжымды тағы алға шығарды. 37-минутта Энтони Луис «Барыс» басымдығын еселеді. Алайда 39-минутта қарсылас команда сапындағы Андрей Белозеров есеп айырмасын қысқартты. Өкінішке қарай, үшінші кезеңде «Барыс» ойыншылары бірде-бір шайба соға алмай, қарсыластың камбэк жасауына жол берді. 42-минутта Андрей Чивилев есепті 3:3 қылып теңестірсе, 54-минутта Михаил Сидоров «Нефтехимикті» осы кездесуде алғаш рет алға шығарды. Ал ойын соңында бос қалған қақпаға гол тоғытқан Павел Порядин матч нүктесін қойды. Қорытынды есеп 3:5. Осылайша «Барыс» қатарынан үш мәрте жеңілді. Келесі матч бүгін «Барыс Аренада» «Сібірге» қарсы өтеді.

https://24.kz/kz/zha-aly-tar/sport/item/582526-barys-elordada-resejlik-komandadan-zhe-ildi

Қатысты жаңалықтар

Шымкентте «Global Tech Wave Central Asia» атты Орталық Азияның алғашқы жаһандық цифрлық конференциясы өтті

ulanonlinejob_r46y8xlo

«АҚЫЛДЫ» ДРОНДАР ТҮНГІ ШЫМКЕНТТІ ПАТРУЛЬДЕУДЕ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТ: ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ЖАҢАРТЫЛУДА

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз