My CMS
Аймақ

2022 ЖЫЛЫ 15 НЫСАНДА ТАБИҒИ ГАЗ ҚҰБЫРЫН ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Бүгінгі таңда Шымкент қаласындағы 81 елді мекеннің 42-сі табиғи газбен толық қамтылса, 31-і жартылай, ал, 8 елді мекен қамтылмаған.

Бұл көрсеткішті арттыру мақсатында биыл 15 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда, Сәуле, Ақтас магистралды желілері мен Батыс, Арғымақ, Ақтас, Нұртас, Ақтас-2, Ақжар, Көкбұлақ, Тұран елді мекендерінде құрылыс жұмыстары аяқталып, 34 мыңнан астам адам табиғи газ көзіне қосылуға мүмкіндік алды.

Жыл қорытындысымен Шымкент қаласында табиғи газбен қамту көрсеткіші 94,7%-ды құрайды деп жоспарлануда.

Бекітілген жоспарға сәйкес, Шымкент қаласының тұрғындарын 2025 жылы 100% табиғи газбен қамтамасыз етілетін болады.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: КӘСІПКЕРЛЕР ТАРАПЫНАН КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕЛЕР НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАЙДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

“ШЫМКЕНТ ЖАСТАР ЛИГАСЫНЫҢ” ЖЕҢІМПАЗДАРЫНА ШАҒЫН АВТОБУСТАР ТАБЫС ЕТІЛДІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары!

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз