My CMS
Саясат

2023 ЖЫЛДЫҢ 14 ҚАҢТАРЫНДА ҚР ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНА ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ САЙЛАУЫ ӨТЕДІ

2023 жылдың 14 қаңтарында ҚР Парламент Сенатына депутаттарының сайлауы өтеді.

Атырау облысынан 2017 жылы сайланған сенатор Ғұмар Исламұлы Дүйсембаевтың  алты жылдық өкілетті мерзімі аяқталды. Енді мұнайлы өңірден жаңа сенатор тағайындалуы тиіс. Оған облыстан 6 кандидат ұсынылып отыр. Бұл туралы облыстық аумақтық сайлау комиссиясы мәлімдеді. Олардың барлығы да өз-өздерін ұсынғандар. Күні бүгін осы 6 кандидаттың 5 інің сәйкестігі анықталды. Атырау облысында облыстық, қалалық және аудандық 9 маслихатта 137 маслихат депутаты бар. 14 қаңтар күні маслихаттардың бірлескен отырысында таңдаушылар ҚР Парламент Сенатының жаңа депутатын анықтайтын болады.

Азамат Айманақұмов, облыстық-аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:

— Қазіргі уақытта кандидаттардың ұсыну мерзімі 14 желтоқсан күні сағат 18.00-де аяқталды. 24 желтоқсан сағат 18.00-де тіркеу мерзімі аяқталады. Осы уақыттан бастап тіркелген канидаттар үгіт насихат жұмыстарын жүргізетін болады. Бұл үгіт-насихат жұымстары 2023 жылдың 13 қаңтар күні сағат 00:00-де аяқаталды.

https://24.kz/kz/zha-aly-tar/sayasat/item/578935-2023-zhyldy-14-a-tarynda-r-parlament-senatyna-deputattaryny-sajlauy-tedi

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ БРИТАНДЫҚ КОМПАНИЯЛАРМЕН БІРЛЕСКЕН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТТЕ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫН ЖАҚСАРТУ МАҚСАТЫНДА ЖАҢА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ҚАЗАҚСТАН МЕН ӨЗБЕКСТАНДЫ ЖАҢА ТЕМІРЖОЛ БАЙЛАНЫСТЫРАТЫН БОЛАДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз