My CMS
Қоғам

Мемлекет басшысы партияны жаңғырту жөнінде берген тапсырмаларының орындалу барысымен танысты.

«AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов партия Төрағасы, Қасым-Жомарт Тоқаевқа: Алматы, Шымкент қалаларындағы, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарындағы жұртшылықпен кездесулердің нәтижелері, сондай-ақ қоғамдық қабылдаулардың жұмыстары жөнінде баяндады.
Сонымен қатар, наурыз айынан бері Республикалық мобильді қоғамдық қабылдау 6 өңірде, атап айтқанда Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында тұрғындармен кездесулер өткізілгенін жеткізді.
Сондай-ақ, «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы негізгі бағдарламалық құжаттарды, партия жанындағы қоғамдық кеңестердің қызметін, жергілікті жерлерде сайлауалды бағдарламаның орындалуын тексеруді, бастауыш партия ұйымдарының жұмысын жандандыру, сондай-ақ «Ашық партия» тұжырымдамасы аясында «TALQYLAU» диалог алаңының іске қосылғаны жөнінде баяндады.
Айта кетсем, Мемлекет басшысы азаматтарды толғандырған мәселелерді шешу үшін «AMANAT» партиясында барлық қажетті ресурс бар екенін атап өтті. Президенттің пікірінше, партияның аймақтық филиалдары осы мәселеде негізгі рөл атқаруға тиіс және өз деңгейінде мазмұнды қоғамдық диалогты нығайтуы қажет.

Шымкент қалалық мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі

ЖОЛДЫХОЖАЕВ  МҰРАТ  ЖАҢАБАЙҰЛЫ

Қатысты жаңалықтар

ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ОЗЫҚ АГРОЭКОНОМИКАҒА КӨШУ ҮШІН ҮКІМЕТТІҢ НАҚТЫ ЖОСПАРЫ БОЛУЫ КЕРЕК»

ulanonlinejob_r46y8xlo

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА «ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕГІ БЕТБҰРЫС» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР-КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз