My CMS
Әлем жаңалықтары

Германия Ресей дипломаттарын елден қуып жатыр

Германия Ресей елшілігінің 40 қызметкерін «персона нон грата», яғни жағымсыз тұлға деп жариялады.
Енді олар 5 күн ішінде елден кетуі тиіс. Бұл шешім Киев облысындағы Буча қаласында жүздеген бейбіт тұрғынның өлімінен кейін қабылданды. Неміс үкіметі Украинаға қолдау көрсетуді жалғастырады. Сыртқы істер министрі Анналена Бербок жақында Киевке жаңа қару-жарақ жеткізілгенін мәлімдеді.
Кристиан Линднер, ГФР қаржы министрі: — Германия да, Еуроодақ та Ресейдің энергия ресурстарына деген тәуелділікті тез арада азайтады. Кремльге қарсы санкцияларды әрі қарай да қолдаймыз. Путинге қысым жасау керек. Барлық экономикалық байланысты үзіп, Ресейді оқшаулауымыз қажет. Әзірге газдан толық бас тарта алмаймыз. Біраз уақыт керек.
ФРАНЦИЯ РЕСЕЙЛІК ДИПЛОМАТТАРДЫ ЕЛІНЕ ҚАЙТАРАДЫ
Ресейлік дипломаттарды Париж де еліне қайтарғалы жатыр. Бұл туралы Францияның Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасаған жергілікті телеарна хабарлады. Барлығы 30 дипломат елден шығарылуы мүмкін. Ресей Сыртқы істер министрлігінің өкілі Мария Захарова қарымта қайтарылатынын ескертті.

https://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/537076-germaniya-resej-diplomattaryn-elden-uyp-zhatyr

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКИЯДАҒЫ ЖЕР СІЛКІНІСІ САЛДАРЫНАН 284 АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Д. ТРАМП ПРАЙМЕРИЗДЕ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ХАМАС ТАҒЫ 17 ТҰТҚЫНДЫ БОСАТТЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз