My CMS
Экономика

Қазақстаннан экспорт артады

Еуроодақ Қазақстанның ірі инвестициялық және сауда серіктесі.

Бұл туралы Брюссельде өткен «Қазақстан-Еуропалық Одақ» ынтымақтастық комитетінің бесінші отырысында Еурокомиссияның Таяу Шығыс, Түркия, Ресей және Оратлық Азия бойынша бөлім басшысының орынбасары Тимо Хаммарен  мәлімдеді. Тараптар кездесуде Еуроодаққа экспортталатын қазақстандық тауарлардың тізімін кеңейту мәселерін талқылады. Осымен қатар аймақтағы саяси жағдайға байланысты транзиттік сауданы жеңілдету қарастырылды.

Тимо Хаммарен, Еурокомиссияның сауда бойынша бас директоратының Таяу Шығыс, Түркия, РФ және Орталық Азия бойынша бөлім басшысының орынбасары:

— Аймақта транзиттік сауда жиі жүргізіледі. Сондықтан қазіргі ушыққан саяси ахуалға байланысты алаңдап отырмыз. Өйткені бұл транзитке кері әсер етуде. Тығырықтан шығудың жолы жан-жақты талқыланды. Көп жақты формат бойынша Дүниежүзілік сауда ұйымымен ынтымақтастыққа жүгіндік. Алдағы уақытта Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымының министрлер конференциясын өткізеді. Онда біз алдағы іс-әрекетімізді талқылаймыз.

https://24.kz/kz/zha-aly-tar/ekonomika/item/532705-baspana-ba-asy-shary-tap-barady

Қатысты жаңалықтар

МҰНАЙ ТАСЫМАЛЫ АРТАДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ЕЛОРДАДА AUTOMECHANIKA ASTANA 2025 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ БАСТАЛДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

В ТАШКЕНТЕ ПОДПИСАНЫ ТРИ СОГЛАШЕНИЯ НА РЕАЛИЗАЦИЮ ПРОЕКТОВ В ШЫМКЕНТЕ СТОИМОСТЬЮ $196 МЛН

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз