My CMS
Аймақ

М.Әйтенов нәзік жандыларды мерекемен құттықтады

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов бірнеше нәзік жандыны 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, шаңырағына барды.

Алдымен қала әкімі зиялы қауым өкілі — «Восход» фабрикасының директоры Гулужиган Байгаринаның шаңырағында болды. Қаланың өркендеуіне, экономикалық өсіміне елеулі үлес қосқан кәсіпкерге өзінің алғысын білдірді. Қаншама жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан фабрика — қаладағы ірі кәсіпорындардың бірі екенін айтып, ақ жарма тілегін жеткізді.

Шаһар басшысы бүгінгі құттықтауында қала зиялыларының бірі — Сайлаукүл Барахованы да естен шығармады. Экс-сенатор, облыс әкімінің орынбасары болған, ұстаз, аяулы ана Сайлаукүл Жаппарқызы қазіргі таңда құрметті зейнеттік демалысында. Үйдегі 100 жастағы қарт анасы Зара Ибрагимоваға да қала әкімі арнайы сыйын ұсынып құрмет көрсетті.

— Сіздер салған жолмен қаншама қыз-келіншек өз кәсіптерін бастап, мамандықтарының биік шыңында жүр. Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен әйелдер бақытқа лайықты. Дендеріңіз сау, отбасыларыңыз аман болсын — деді М.Әйтенов.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ШАХМАТ ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ЖАСТАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУ МАҚСАТЫНДА «БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ» ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

ulanonlinejob_r46y8xlo

Әскерилер «Syr Jastary» жүгіру марафонында үздік атанды

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз