My CMS
Аймақ

ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНДАҒЫ ЛИЦЕНЗИЯЛАУ, АТТЕСТАТТАУ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР

2024 жылы құрылыс саласында лицензиялау және аттестаттау бойынша 836 өтініш тіркеліп, 87 жаңа лицензия берілді. Сонымен қатар, 14 лицензияға қосымша құжаттар рәсімделіп, 213 өтініш қайта қаралды. 87 өтінішке бас тартылып, 435 өтініш кері қайтарылды. Құрылыс саласындағы сарапшылық және инжинирингтік қызметтер бойынша 64 маман аттестатталды, бұл саладағы мамандардың біліктілігін арттыруға бағытталған.
Тұрғын үй инспекциясы саласында 2570 көпқабатты тұрғын үй тіркелді. Оның ішінде 1861 басқару нысанына жататын үйлердің 142-сі мүлік иелері бірлестігі (МИБ) ретінде тіркелген, ал 1699-ы жай серіктестік (ЖС) ретінде тіркелген. Сонымен қатар, заңнама талаптарына сәйкес, 30 және одан да көп пәтері бар 1415 жай серіктестік (ЖС) мүлік иелері бірлестігіне (МИБ) ауыстырылуы тиіс. Бұл шаралар көпқабатты үйлердің тиімді басқарылуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Лифт шаруашылығы да маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Шымкент қаласында 1235 лифт тіркелген, оның 943-і тұрғын үйлерде, 58-і денсаулық сақтау мекемелерінде, 50-і білім беру мекемелерінде, 184-і қоғамдық орындарда жұмыс істейді. 2024 жылы 28 лифтіні ауыстыруға қаржы бөлініп, оның 9-ы жаңартылды. Қалған 19 лифт бойынша жұмыстар жалғасуда. Ал 2025 жылы тағы 12 лифтіні ауыстыру жоспарлануда.

Толығырақ ақпарат: https://youtu.be/yp4VGjO8m
#РСКШЫМКЕНТ #БРИФИНГ

Қатысты жаңалықтар

«ТАЗА ҚАЛА» ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

«AMANAT»  ПАРТИЯСЫ БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТТЫ ҚОЛДАЙДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

БҰЛ — ҚОҒАМДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЫЗДЫҢ ДҰРЫС БАҒЫТТА ҚАЛЫПТАСУЫНА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ЗОР ЗАҢ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз