My CMS
Аймақ Қоғам

Шымкентте су басу жағдайларына дайындық аясында оқу-жаттығулар жүргізіледі

Шымкент қаласында көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық қызу жүргізілуде. 6-7 ақпан күндері «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтеді. Бұл шара төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет етуге жауапты қызметтердің әзірлігін тексеруге мүмкіндік береді.

Оқу-жаттығудың алғашқы күні Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде қалалық жедел штаб құрылса, келесі күні Текесу елді мекенінде штаб жұмысы ұйымдастырылады. Жаттығу барысында су басу қаупі бар аумақтардағы авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстардың орындалу барысы тексеріледі.

Құтқару қызметтерінің күштері мен техникалары сақадай сай. Төтенше жағдайлардың алдын алу үшін қала әкімдігі мен Төтенше жағдайлар департаменті бірлесіп, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуде. Бекітілген жоспарға сәйкес, оқу-жаттығу барысында 9 практикалық іс-шара өткізу көзделген.

«Көктем-2025» оқу-жаттығуы – табиғи апаттардың алдын алу және азаматтық қорғау қызметтерінің үйлесімді жұмысын жетілдіру үшін маңызды шара. Төтенше жағдайлар қызметі көктемгі су тасқыны кезеңін қауіпсіз өткізу үшін дайындық жұмыстарын жалғастыруда.

Толық ақпарат: https://www.youtube.com/live/dSqJZc1AbT0?si=CJALOg8zKP9gGdiS

Қатысты жаңалықтар

200 предпринимателей наказаны за завышение цен на социально-значимые товары в Шымкенте

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТТЕ ӘЙЕЛДЕР МЕН БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ШАРАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

КӨЛІК-ЛОГИСТИКА САЛАСЫ ЕЛДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ЛОКОМОТИВТЕРІНІҢ БІРІНЕ АЙНАЛУЫ ҚАЖЕТ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз