My CMS
Аймақ

“БОЗАРЫҚ-3” ШАҒЫНАУДАНЫ КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН ҚАМТЫЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Қаратау ауданында жергілікті тұрғындармен және «QazaqGaz Aimaq» АҚ басшылығымен бірге “Бозарық-3” шағынауданына табиғи газ қосу шарасына қатысты. Бұл шара шамамен 700 тұрғын үйдің табиғи газға қосылуына мүмкіндік береді.

Мегаполис басшысы тұрғындарды құттықтап, шағынауданды газдандыру халықтың өмір сүру сапасын арттыру жолындағы тағы бір маңызды қадам екенін атап өтті.

“Тұрғын алабын газдандыру – Шымкент қаласы халқын табиғи газбен қамтамасыз ету туралы ауқымды бағдарламаның бір бөлігі болатын. Бұдан бөлек желтоқсан айында мұнда ауызсу мен электр энергиясымен қамту жұмыстарын аяқтауды жоспарлап отырмыз”, – деді Ғ. Сыздықбеков.

Айта кетейік, биыл күзде “Қайнарбұлақ-1”, “Қаратөбе” және “Бозарық-2” тұрғын алаптарының тұрғындары да табиғи газға қосылу мүмкіндігіне ие болды. Жыл соңына дейін “Қайнарбұлақ-2”, “Қайтпас-1”, “Ынтымақ”, “Тассай” және “Еламан” шағынаудандарына да газ жеткізіледі.

Қатысты жаңалықтар

ӘЛЕУМЕТТІК САЛАДАҒЫ 23 НЫСАНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТТЕ ӨҢІРАРАЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ФОРУМ ӨТІП ЖАТЫР

ulanonlinejob_r46y8xlo

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНЫҢ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШІ 97%-ДЫ ҚҰРАЙДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз