My CMS
Аймақ

БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ 232 424 ОҚУШЫ ЖАЗҒЫ ЛАГЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ

Биыл Шымкент қаласында жалпы орта білім беру ұйымдарындағы 245 862 оқушының  232 424 оқушысы (94,5 %) жазғы демалыспен қамту жоспарланып отыр. Бұл туралы Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиева айтты.

Оның ішінде 19 024 бала және кәсіподақ тарапынан 90 бала қала сыртындағы және 213 400 бала мектеп жанындағы алаңдарда демалады.

2024 жылдың жаз айында балаларды сауықтыру, жетілдіру, бос уақытын тиімді өткізу мақсатында қала сыртындағы лагерлерде демалдыру үшін қала бюджетінен 399 млн. 162 мың теңге қаралған. Одан бөлек  кәсіподақ  ұйымдары 90 балаға 3 млн. 600 мың теңге қарау жоспарлауда. Қала сыртындағы лагерлерді ұйымдастыру кезінде  мемлекеттік қолдауға мұқтаж отбасылардан шыққан, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, көп балалы, толық емес, аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына басымдық беріледі.

Сондай-ақ балалар үйінің 123 тәрбиеленушісі қала сыртындағы лагерлерде 3 ай бойы демалатын болады.

1-10 сынып оқушыларына маусым айында жалпы орта білім беретін мектептердің жанынан жазғы сауықтыру алаңшаларын ашу жоспарланды. Мектеп жанындағы алаңшаларда балалар түрлі үйірмелермен (футбол, баскетбол, волейбол, шахмат т.б.) қамтылып, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру жұмыстары жүргізілетін болады.

2024 жылы 11-сыныпты бітіретін 13 286 оқушының   458-і «Алтын белгіге» үміткер санатында. Ал «Үздік аттестатқа» 11 сынып бойынша 641 оқушы үміткер болса, 9 сыныптар бойынша  1158 оқушы үміткер болып отыр.

Сонымен қатар «Алтын белгі» үлгілі мінез-құлық танытқан және 5-11 (12) сыныптар аралығында барлық пәндерден жылдық және қорытынды бағалары «5» болған оқушыға,  және жалпы орта білімі бойынша қорытынды аттестаттаудан барлық пән бойынша «5» деген баға көрсеткішіндегі 11 (12) сынып бітірушілеріне де беріледі. Түлектерге аттестатты салтанатты табыстау ағымдағы жылдың 12-15 маусым аралығында өтетін болады.

Қатысты жаңалықтар

ОТАУ ҚҰРҒАН ЖАС ЖҰБАЙЛАР САЙЛАУ УЧАСКЕСІНДЕ ДАУЫС БЕРДІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

АУЫЛ ӘКІМДЕРІНІҢ САЙЛАУЫ САЯСИ МӘДЕНИЕТТІҢ АРТУЫНА ОҢ ӘСЕР ЕТЕДІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТТЕ ОТБАСЫ ИНСТИТУТЫ МЕН КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН НЫҒАЙТУ ШАРАЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз