My CMS
Аймақ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ЖАҢА ГҮЛЗАР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Үшінші мегаполисте Бейбітшілік пен Момышұлы көшелерінің қиылысында «Аналар аллеясы» алаңы ашылды. Жаңа демалыс аймағының ашылуына қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, Үшінші мегаполистің мерейтойын тойлау аясында бұған дейін де көптеген игі істер атқарылғанын атап өткен қала басшысы тұрғындарды жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.

– Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қалада тұрғындарға қолайлы жағдай жасау жұмыстары жалғасуда. Міне, жаңа нысандардың бірі – жаңа саябақ. Мұның бәрі сіз үшін және сіздің балаларыңыз үшін. Бұл жоба демеушілердің қаражатына салынды. Шымкентте тиімді, тұрғындарға жайлылық туғызатын жобалар жүзеге асырылуда. Ал біздің мақсатымыз – ортақ меншікті қолдау, қамқорлық жасау», – деді Ғабит Сыздықбеков.

Жаңа демалыс орны ерекше дизайнымен назар аудартады. Алаңның ортасында ананы бейнелейтін кимешек бейнеленген, ол заманауи үлгіде жасалған. «Кімешекті ананың» бүкіл бейнесі сүйіспеншілікпен жасалған, оған шебердің жаны салынған. Ол айналасына сүйіспеншілікті, әлемнің барлық жақсылығын таратып жатқандай әсер қалдырады.

– Біз бұл саябақты салуды өз мойнымызға алдық. Оның әрбір метрі тұрғындармен келісе отырып, абаттандырылған. «Аналар» аллеясына Шымкент қаласының көркеюіне зор үлес қосқан, атақты кәсіпкер, меценат Рәшкүл Оспаналиеваның құрметіне, сондай-ақ барша аналардың құрметіне орнатылды», – деді Еркінгүл Жәлелқызы.

Сонымен қатар, Шымкент қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша қазіргі уақытта Еңбекші ауданында тағы бір сквердің құрылысы жүргізілуде. Жібек жолы, Сайрам көшелерінің қиылысында жаңа серуендеу аймағы пайда болады. Бұл жоба да бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүзеге асырылады.

Естеріңізге сала кетейік, Шымкент қаласында қалалық жайлы ортаны дамыту бөлімінде 10 саябақ, 44 сквер мен аллеялар қалыпты жағдайда ұсталған. Алдағы уақытта демеушілер есебінен салынып жатқан тағы бір алаңның құрылысы аяқталып, жақын арада пайдалануға берілмек.

Қатысты жаңалықтар

ЖАСТАР МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРДІ ҰЛЫҚТАДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА БИЫЛ 228 БОС ЖҰМЫС ОРНЫ ҰСЫНЫЛДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз