My CMS
Аймақ

ШЫМКЕНТ: IKOMEK-109 SHYMKENT 123 МЕКЕМЕЛЕРМЕН БІРЛЕСЕ ҚЫЗМЕТ АТҚАРАДЫ

Шымкент  қаласындағы «ikomek-109 Shymkent» бірыңғай байланыс орталығына былтырғы жылы, яғни 2023 жылы 241 206 түскен арыз шағымдар түсіп, қала тұрғындарының өтініші қаралып, жұмыстық тәртіппен орындалған. 3761 арыз шағым осы жылы жұмыстық тәртіппен қаралуда. Өзекті арыз шағымдар ішінде қоғамдық көлік, қалалық жарық жүйелері, қатты тұрмыстық қалдық, қаңғыбас иттердің көптігіне шағым көп екен.

Бүгінде Шымкент қаласы тұрғындарынан ситуациялық орталыққа ашылған уақыттан бастап 759 745 өтініш түскен. 2024 жылдың 1-тоқсанында 57 921 арыз-шағымдар мен кеңес тіркеліп, қазіргі таңда, аталған шағымдардың 97,7 пайызы орындалып, тұрғындармен кері байланыс орнатылған. Тұрғындардың қалған арыз-шағымдар жауапты мекемелер тарапынан қаралуда.

– Орталық қызметкерлері күнделікті 1000-2000 аралығында қоңырау қабылдайды. Барлық қоңыраудың 78 пайызы 1 қоңыраудан шешімін табады. Орталықтағы қоңырауларды өңдеу 5 кезеңнен тұрады. Қоңырауды қабылдап, тіркеу қарточкасы толтырылады. Орталық инспекторлары саралап, жауапты мекемелерге жолдайды. Жауапты мекемелердің қызметкерлері сәйкесінше жауап беріп, орталықтың операторлары тұрғындармен кері байланысқа шығады. Арызданушы берілген жауапқа қанағаттанса, арызы орындалса – арыз жабылады, басқа жағдайда – қайта қаралуға жолданады, – дейді 109 ситуациялық орталығының басшысы Азат Әміртаев.

Айта кетейік, орталық 123 мекемелермен бірлесе қызмет атқарады. Олар: 22 басқарма, 5 аудан әкімдігі, 7 монополист мекемелер, 71 денсаулық сақтау ұйымдары, Төтенше жағдайлар департаменті және өрт сөндіру қызметі, СЭБД, 10 лифтқа қызмет көрсетуші мекемелер, 4 қоғамдық көлік компаниялары, тұтынушылар құқығын қорғау ұйымдары.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА 45 КӨШЕГЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛЕДІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

БИЫЛ САМАЛ-3 ШАҒЫНАУДАНЫНДА 14 КӨШЕГЕ ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Шымкентте шала туған нәрестеге күрделі екі ота жасалды

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз