365online
Саясат

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ NEBRAS POWER КОМПАНИЯСЫ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ МҰХАММЕД НАССЕР ӘЛ-ХАДЖРИДІ ҚАБЫЛДАДЫ

Кездесуде энергетика саласындағы ынтымақтастықтың перспективалары және жаңартылатын энергия көздеріне инвестиция тарту мәселесі талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге баса мән беретінін айтты. Осыған орай Мемлекет басшысы Nebras Power компаниясының елімізде жаңартылатын энергия көздерін дамытуға қызығушылық танытып отырғанын жоғары бағалады.

Өз кезегінде Мұхаммед Нассер Әл-Хаджри құрмет көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. Сондай-ақ «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамымен бірлесіп, Қазақстанда су-энергетика жобасын жүзеге асыруға қатысты жоспарын жеткізді. Бүгін мүдделі тараптар арасында тиісті келісімге қол қойылды.

Сонымен қатар әңгімелесу барысында энергетика секторында метан қалдықтарын азайту жөніндегі ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Президент Nebras Power компаниясы директорлар кеңесінің төрағасын алдағы уақытта өтетін Астана халықаралық форумына қатысуға шақырды. Жиын аясында аса маңызды өңірлік және жаһандық мәселелер талқыланады.

Қатысты жаңалықтар

САЙРАМ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНДЕ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ТАТУЛЫҚ ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Шымкентте «ҚХА-ның жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарымен, мәслихатпен байланысын нығайту» тақырыбындажиын өтті

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз