365online
Спорт

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ 

Талдықорған қаласында қазақ күресінен жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы Қазақстан чемпионаты өтті. Ішкі біріншілікке 2007-2008 және 2009-2010 жылы дүниеге келген өрендер қатысты. Бас-аяғы 1500-ге жуық спортшы жиналды. Олар 28 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті. Яғни 112 медаль жиынтығы мен 2 кубок сарапқа салынды. Сонымен жарыс қорытындысы бойынша Шымкент қаласынан келген палуандар жалпы есепте бірінші орынға жайғасты. Қызылорда облысының командасы екінші орынды жеңіп алса, үшінші орын Түркістан облысының командасына бұйырды. Қазақстан чемпионатының нәтижесінде ұлттық құрама жасақталды. Яғни, үздіктер қатарынан табылған жасөспірімдер Әлем және Азия чемпионатында өнер көрсетуге мүмкіндік алады.

https://24.kz/kz/zha-aly-tar/sport/item/638199-aza-k-resinen-el-zdikteri-any-taldy

Қатысты жаңалықтар

СУ СПОРТЫНАН АЛҒАШҚЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫ ЕЛГЕ ОРАЛДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

БИБІСАРА АСАУБАЕВА — ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА ГРОССМЕЙСТЕРІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

БИБОСЫНОВ ПЕН ДУСМАТОВ АРАСЫНДАҒЫ ЖЕКПЕ-ЖЕК ӨТПЕЙТІН БОЛДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз