365online
Қоғам

ЕЛІМІЗДЕ ЖЕМҚОРЛАРДЫҢ ҚАРЖЫСЫНА 43 ЖАҢА МЕКТЕП САЛЫНДЫ

2023 жылдың қорытындысы бойынша жемқорлардан тәркіленген қаражыға салынған 43 мектеп ашылды. Осылайша, елімізде үш апатты және 13 үш ауысымды мектеп мәселесі шешілді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Өңірлерде жаңа білім беру нысандарын іске қосу нәтижесінде тағы 54,4 мың жаңа оқушы орны пайдалануға берілді. Атап айтсақ, Алматы және Түркістан облыстарында – 8 мектептен, ал елордада — 10 мектеп.

«Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры» есебінен барлығы 76 738 оқушыға арналған 62 мектептің құрылысы қаржыландырылды. Жобалардың жалпы сомасы 96 млрд теңгеден асты. Қаражат жергілікті атқарушы органдардың шоттарына түскен.

Жалпы, қордың қызмет ету мерзімі ішінде 150 млрд теңгеден астам қаражат түсті. Олар мектептерді, қосымша ғимараттар мен интернаттарды қайта жаңартуға, сондай-ақ үш ауысымды оқыту, апатты мектептер мәселесін шешуге және оқушы орындарының тапшылығын жоюға жұмсалды.

Қатысты жаңалықтар

«Қазақтелеком» компаниялар тобын монополиясыз ету ұсынылды 

ulanonlinejob_r46y8xlo

ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ ЗАУЫТ ЖҰМЫСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ҚАУІПСІЗДІКТІҢ КЕШЕНДІ ЖҮЙЕСІМЕН ЕЛІМІЗДІҢ БАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІ ТЕКСЕРІЛЕДІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз