2023 жылы 30 қазан күнінен бастап Шымкент қаласы дін істері басқармасының ұйымдастыруымен Шымкент қаласының аудандарында орналасқан оқу орындарының жастарымен діни экстремизмнің алдын алу мақсатында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша қаламыздың ЖОО мен ОАОО да жастармен құқықтанушы, психолог, тарихшы, саясаттанушы, дінтанушы және теолог мамандар кездесулер өткізуде.
Бүгінгі кездесуге М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Политология» кафедрасының меңгерушісі, доцент, философия ғылымдарының кандидаты — Мажинбеков Сакен Аралбаевич, Шымкент қаласы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ Теологы — Айтаев Икрам Сатыбалдиевич қатысып, жыл сайын жастарымыздың зайырлылық және құқықтық көзқарастарын дамыту жолында көптеген жұмыстар атқарылып, жастармыздың діни бағытта адасушылық зардаптары көп болатынын түсіндіріп, құқықтық сауаттылық – жастарымыздың басты талабы болу қажеттілігі жайлы пікір қозғады.
Шараның мақсаты -Теріс діни ағымдардың жастар санасына кері әсерін болдырмау, дін саласына қатысты мәселелерде жастар арасында профилактикалық жұмыстар барысында белсенді жастарды араластыру және діни ахуал тұрақтылығын қамтамасыз ету, ата-баба ұстанған Имам Ағзам Мазһабы, дін мен дәстүрімізді және киелі орындарға зиярат, отандық туризмді насихаттау, жастарды деструктивті діни идеологиялардың ықпалынан сақтау, оның алдын-алу болып табылады.