My CMS
Спорт

Қазақстан әлемдік гран-приді қабылдайды. Отандық дзюдоның басы-қасындағылар осындай мүмкіндікке ие болды.

Күні кеше Парижде жапон жекпе-жегінің кезекті бәсекесі өткен болатын. Соның аясында Қазақстан дзюдо федерациясы мен Халықаралық дзюдо федерациясы дәл осындай жарысты біздің елде ұйымдастыру туралы төртжылдық келісімшартқа қол қойды. Оған сәйкес, Қазақстан 2023-2026 жылдар аралығында әлемдік гран-приді қабылдайды. Ол Астана және Алматы қалаларында «Qazaqstan barysy Grand Slam» атауымен өтеді. Сондай-ақ, жарыс аяқталғаннан кейін жыл сайын тұрақты түрде халықаралық оқу-жаттығу лагері де болуы керек.

Айта кетейік, жерлестеріміз үшін ағымдағы жыл өте сәтті басталды. Португалияда өткен алғашқы жарыста ұлттық құрама 1 алтын мен 2 күміс жеңіп алды. Тіпті, ең жеңіл салмақта қос қазақ қызы финалға шығып, тарихи нәтиже тіркеген болатын. Ал Париждегі бәсекеде қоржынымыз 2 қоламен толықты. Бұл жолы 48 келідегі Әбиба Аужақынова және 73 келідегі Данияр Шамшаев жеңіс тұғырынан табылды.

https://24.kz/kz/zha-aly-tar/sport/item/585408-aza-stan-lemdik-gran-pridi-abyldajdy

Қатысты жаңалықтар

«АСТАНА» ШАБАНДОЗЫ 21-ШІ ОРЫНДА

ulanonlinejob_r46y8xlo

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Герлицті жеңісімен құттықтады

ulanonlinejob_r46y8xlo

НЫСАНА КӨЗДЕУ: ҚОРЖЫНҒА 3 ЖҮЛДЕ ТҮСТІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз