My CMS
Қоғам

ҚАРЖЫ ПИРАМИДАСЫН ҚҰРҒАН АЛАЯҚ СОТТАЛДЫ

Қаржылық пирамида құрып, алты мыңға жуық адамның ақшасын иемденген алаяқ бес жылға сотталды. Лишко есімді азаматша тұрғындардың ақшасын қайта бөліп, пайда табу мақсатында «LV FORCE» (Эл Ви Форс) компаниясын құрады. Сөйтіп, 2018 жылдан бастап Степногорск қаласындағы азаматтарды қаржы пирамидасының қызметіне тартады. Алаяқтың арбауына 5 822 адам түскен. Келтірілген шығын көлемі 147 млн теңгеден асады. Осы іске қатысты Қаржы мониторингі агенттігі жүргізген сотқа дейінгі тергеу аяқталып, сот үкімі шықты. Алаяқтың мүлкін тәркілеп, оны бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.


https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/584392-arzhy-piramidasyn-r-an-alaya-sottaldy

Қатысты жаңалықтар

БАЛА — МЕМЛЕКЕТТІҢ БОЛАШАҒЫ, БАСТЫ БАЙЛЫҒЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Президент «Жұмысшы мамандықтарының қаласы» фестиваліне барды

ulanonlinejob_r46y8xlo

ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз