Бүгінде Абай ауданы тұрғындарының ұсынысы бойынша «Алтынтөбе» тұрғын алабындағы Жамалов пен Нұрлыбайұлы көшелеріне асфальт төселді. Елді мекендегі Өтебай көшесін асфальттау бойынша мердігер мекеме анықталуда. 2023 жылы Оразбай көшесі, 2024 жылы Сатқанбаев, Ырсымбетов және Жастар көшесі асфальттанады.
«Қызылжар» шағынауданынан жаңа әуежай терминалға дейін 9,1 км кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстары мердігер мекеме «BI Global» ЖШС тарапынан жүргізілді. Бүгінгі таңда, мемлекеттік акт, қабылдау құжаттары әзірленуде.
«Ақжар» тұрғын алабын сапалы интернетпен қамту мақсатында мобильді операторлармен базалық станциясы орнату келісілді. Қазір бекітілген жер телімін анықтап заңдастыру жұмыстары жүргізілуде.
Шешімін тапқан мәселе көп десек, шешім күткені одан да көп. Ең бастысы, мәселеге ат үсті қарамай, түбегейлі зерделеп, жан-жақты бағалап барып, сапалы түрде әрекет жасауымыз керек. Сонда ғана ол мәселе болашақта қайталанбайтын болады
Шымкент қалалық мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі
ЖОЛДЫХОЖАЕВ МҰРАТ ЖАҢАБАЙҰЛЫ