My CMS
Экономика

Қазақстанда азық-түлік бағасын заңсыз көтеруге қатысты 749 факт тіркелді 

Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын қолдан жасап, көтеру фактілері тіркелді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді.
«Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне рұқсат етілген бөлшек сауда үстемесінен асып кету фактілері, яғни 749 бұзушылық анықталды. Олардың көпшілігі: қант — 40% дейін, күнбағыс майы — 35% дейін, көкөністер — 25%» деп жазды Бақыт Сұлтанов Facebook парақшасында.
«19-25 наурыз аралығында Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының 1,7% — ға өсуі тіркелді жыл басынан бері ӘМАТ бағасының өсуі 9,9% — ды құрады. Бір апта ішінде ең көп қымбаттады: қырыққабат -11%, пияз — 9,3%, қант — 6,3%, картоп — 4,7%, сәбіз — 3,3%, тауық жұмыртқасы — 1,7%», — делінген Үкімет басшысының орынбасары жариялаған ақпаратта.
Еске сала кетсек, Премьер-Министр әлеуметтік маңызы бар тауарларға 15% үстеме бағаның сақталуын бақылауды күшейтуді тапсырған еді.
https://24.kz/kz/zha-aly-tar/ekonomika/item/535528-aza-standa-azy-t-lik-ba-asyn-za-syz-sirgen-749-fakt

Қатысты жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН ИНДУСТРИЯЛЫҚ ДАМУЫНДА ШАҒЫН ӨНЕРКӘСІП АЙМАҚТАРЫНЫҢ РӨЛІ АРТАДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ЕЛОРДАДА AUTOMECHANIKA ASTANA 2025 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ БАСТАЛДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ЖАСТАРДЫҢ 6 МЫҢҒА ЖУЫҚ БИЗНЕС ЖОБАСЫНА ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН МИКРОКРЕДИТ БЕРІЛДІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз