My CMS
Спорт

Шымкентте стенд атудан ҚР кубогі өтуде

Шымкент қаласында 20-27 ақпан аралығында стенд атудан ҚР Кубогінің I-ші кезеңі мен Шымкент қаласы кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебінің ашық турнирі өтуде. «Элдорадо» спорттық кешенінде өтіп жатқан жарысқа Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан, сонымен қатар Алматы, Қызылорда, Павлодар облыстарынан 100-ден астам спортшы қатысуда.

Жарыстың мақсаты — Қазақстан Республикасында Стенд ату спортын танымал ету, спортшылардың шеберлігін шыңдау, оларды алдағы республикалық және халықаралық жарыстарға дайындау.

Спорт додасында Азия ойындары, Азия Чемпионаттары мен «Азия балалары» халықаралық спорттық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлері өз шеберліктерін көрсететін болады.

Жарыстар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, көрермендердің қатысуынсыз (бос трибуналарда) өткізілетін болады.

Қатысты жаңалықтар

Күрес түрлерінен «Яшар догу» турнирі: Фидахметов чемпион, Шермаханбет қола жүлдегер атанды

ulanonlinejob_r46y8xlo

РЫПАКОВА КӘСІБИ КАРЬЕРАСЫН АЯҚТАДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

«МАНЧЕСТЕР ЮНАЙТЕД» ПЕН «ЛИДС» АРАСЫНДАҒЫ ОЙЫНДА КҮТПЕГЕН НӘТИЖЕ ТІРКЕЛДІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз